Nala Commerce.

Басты бет → Блог → Kaspi Pay-ді өз сайтыңызға қалай қосуға болады: қадам бойынша

Төлем

Kaspi Pay-ді өз сайтыңызға қалай қосуға болады: қадам бойынша

Интернет-дүкенде Kaspi арқылы төлемді қалай қабылдауға болады: бизнестен не керек, эквайрингке рұқсатты қалай алу керек, сатып алушы қалай төлейді, ақша қалай қайтарылады және Shopify-да бұл қанша тұрады.

2026 ж. 7 қазан · 3 мин оқу

Қазақстанда сатып алушы Kaspi арқылы төлеуге үйренген: қосымшада бірер басу — болды. Ал сайтта оның орнына карта формасы не «нөмірге аударыңыз» тұрса, адамдардың бір бөлігі бетті жай жауып кетеді.

Kaspi Pay-ді интернет-дүкеніңізге қалай қосуға болатынын талдайық: бизнесіңізден не керек, кім не істейді және бұл қанша тұрады.

Қысқаша: Kaspi эквайрингіне рұқсатты бизнестің өзі алады — өтінім бойынша, ал банк айналымға қарайды. Мақұлдаған соң Kaspi кілт пен сертификат береді, ал Kaspi Pay сайтқа интеграция арқылы қосылады. Shopify-да біз мұны тегін жасаймыз, кейін — айына 30 000 ₸.

Сатып алушы үшін бұл қалай көрінеді

Сатып алушы қалай төлейді: телефоннан — Kaspi қосымшасында, компьютерден — нөмірге шот
  • Телефоннан. Сатып алушы тапсырысты рәсімдеп, «Төлеу» батырмасын басады — Kaspi қосымшасы ашылады, ол төлемді растайды, тапсырыс бірден төленген болып шығады.
  • Компьютерден. Шот тапсырыстағы телефон нөміріне Kaspi-ге келеді — сатып алушы оны қосымшада төлейді.
  • Төлегеннен кейін. «Тапсырысыңыз үшін рақмет» бетінде сатып алушы төлемнің өткенін көреді, ал сіз оны тапсырыстан көресіз.

Сайтта карта деректері де, бейтаныс беттерге өту де жоқ — сатып алушы үйреніп қалған жерде төлейді.

5 қадаммен қосу

5 қадам: айналымы бар бизнес, Kaspi-ге өтінім, кілт пен сертификат, интеграция, сынақ тапсырыс

1. Айналымы бар бизнес

Эквайринг тіркелген бизнеске қосылады. Kaspi оны айналымға қарап мақұлдайды және айналымы жоқ жаңа бизнеске әдетте рұқсат бермейді. Айналым әзірге болмаса — аударым мен алған кезде төлеуден бастаңыз, ал Kaspi Pay-ді кейін қосасыз. Мұны қалай жасауға болатыны — «Shopify Payments Қазақстанда жұмыс істемейді» мақаласында.

2. Kaspi-ге өтінім

Эквайрингке өтінімді бизнестің өзі, өз атынан береді — оны сіздің орныңызға беру мүмкін емес. Не дайындау керегін айтып береміз.

3. Кілт пен сертификат

Мақұлдаған соң Kaspi кілт пен сертификат береді — бұл дүкеніңіздің төлем қабылдауға кіру рұқсаты. Оларды құпиясөз сияқты сақтаңыз: тек интеграцияны жасайтын адамдарға беріңіз.

4. Сайтпен интеграция

Kaspi Pay Shopify-ға бір батырмамен қосылмайды — дүкен мен Kaspi арасында интеграция керек. Оны біз қосамыз: телефоннан және шот арқылы төлеу, тапсырыстағы күйлер, әкімшілік панельден ақша қайтару. Интеграция біздің серверде жұмыс істейді — төлемдердің өтуін өзіміз қадағалаймыз.

Маңызды жайт: біздің интеграцияда Kaspi Pay Shopify-да қолмен төлеу тәсілі ретінде рәсімделген, сондықтан Shopify бұл тапсырыстардан өз комиссиясын алмайды.

5. Сынақ тапсырыс — және іске қосу

Бәрін нақты тапсырыспен тексереміз: төлемді, күйді, қайтаруды. Бәрі дұрыс өтсе — сатып алушылар төлей алады.

Ақша қайтару

Ақшаны тікелей Shopify әкімшілік панеліндегі тапсырыстан қайтаруға болады:

  • толық қайтару — ақша сатып алушыға Kaspi арқылы қайтады, тауар қоймаға қайта қосылады;
  • ішінара қайтару — бүкіл тапсырыс үшін емес, ішіндегі жекелеген тауарлар үшін.

Бұл қанша тұрады

Шарттар: қосу тегін, айына 30 000 ₸, банк комиссиясы Kaspi-мен шарт бойынша
  • Қосу — тегін.
  • Қызмет көрсету — айына 30 000 ₸. Kaspi арқылы төлем дүкеніңізде жұмыс істей бастағанда ғана басталады.
  • Банк комиссиясы — Kaspi-мен шартыңыз бойынша. Оны банкке төлейсіз, біз оған ештеңе қоспаймыз.
  • Shopify комиссиясы — 0%.

Жиі қойылатын сұрақтар

Kaspi өтінімді мақұлдамаса ше? Онда бізге ештеңе төлемейсіз: қосу тегін, ал ай сайынғы төлем тек іске қосылғаннан кейін басталады.

Басқа төлем тәсілдері қала ма? Иә. Kaspi Pay қалған тәсілдердің қатарына қосылады — сатып алушы өзі таңдайды.

Дүкенді сіздер жасамағансыздар — қосасыздар ма? Иә, Shopify-дағы кез келген дүкенге.

Kaspi Pay туралы бәрі — бөлек бетте. Қосуға дайын болсаңыз немесе алдымен бизнесіңізге келетін-келмейтінін анықтағыңыз келсе — бізге жазыңыз.

Kaspi Pay Төлем Shopify

Мақала пайдалы болды ма?

Тақырып бойынша сұрағыңыз бар ма?

Қойыңыз — үздік сұрақтарды келесі мақалаларда талдаймыз.

Бірге жұмыс істейік.

Бір жұмыс күні ішінде жауап береміз. Жарнамалық хат жібермейміз — хабарламаңыз тек бізге келеді. Өз тауары немесе бренді бар дүкендермен жұмыс істейміз, өз тауары жоқ дропшиппинг жобаларын алмаймыз.

Жобаны талқылау