Nala Commerce.

Басты бет → Блог → Kaspi бөлек, сайт бөлек: сатылып кеткен тауарды қалай сатпауға болады

Маркетплейстер

Kaspi бөлек, сайт бөлек: сатылып кеткен тауарды қалай сатпауға болады

Соңғы данасын Kaspi-де сатып алды, ал сайтта ол әлі «бар». Дүкен екі жерде сатқанда неге бұлай болатынын және Kaspi тапсырыстарын Shopify-дағы қалдықпен қалай байланыстыруға болатынын талдаймыз.

2026 ж. 5 қазан · 2 мин оқу

Таныс жағдай: керек өлшемдегі соңғы футболканы Kaspi-де сатып алды, ал сіздің сайтта ол әлі «қоймада бар». Бір сағаттан кейін оны екінші сатып алушы тапсырыс береді — сізге қоңырау шалып, кешірім сұрап, ақшаны қайтаруға тура келеді.

Неге бұлай болады

Kaspi мен Shopify-дағы сайт — екі бөлек жүйе, әрқайсысының өз қалдық есебі бар. Kaspi өз тапсырыстарын біледі, Shopify — өзінікін. Бір-бірі туралы ештеңе білмейді.

Kaspi бөлек, сайт бөлек — қалдықты қалай қадағалайсыз?

Тапсырыс аз кезде мұны қолмен шешеді: Kaspi-ге тапсырыс түсті — Shopify-дағы қалдықты азайтты. Бірақ сатылым көбейген сайын бірдеңе жиі ұмытылады:

  • тапсырыс түнде не демалыс күні түсіп, қалдық тек таңертең түзетілді;
  • менеджер Kaspi-дегі тапсырысты қабылдады, ал Shopify-дағы қалдықты өзгертпеді;
  • тауардың бірнеше өлшемі мен түсі бар — нұсқада қателесу оңай.

Әр осындай қате — бас тартылған тапсырыс, көңілі толмаған сатып алушы және кешірім сұрауға кеткен уақыт.

Біз мұны қалай шешеміз

Тапсырысты есеппен байланыстырамыз: Kaspi тапсырыстары Shopify-да, қалдық — қалауыңызша

Біз Nala Marketplace Sync қолданбасын жасап жатырмыз. Ол Kaspi тапсырыстарын Shopify-дағы дүкеніңізге көшіреді:

  • Kaspi-дің жаңа тапсырысы Shopify-да өзі, әр бірнеше минут сайын пайда болады — тауарларымен, сомасымен және жеткізу деректерімен;
  • күйі Kaspi-ден кейін жаңарады: растау, курьерге беру, жеткізу, бас тарту, қайтару;
  • тауарлар штрихкод не артикул бойынша байланысады, ал өздігінен байланыспағандарын кестемен сәйкестендіруге болады.

Қалдықты есептен шығару — қалауыңызша. Баптауларда екі режим бар:

  1. Қалдықты қозғамау. Kaspi тапсырыстары Shopify-да көрінеді, бірақ қалдықты өзгертпейді. Қалдықты Kaspi немесе есеп бағдарламасы басқарса, осы жарайды.
  2. Kaspi-ден тапсырыс түскенде есептен шығару. Kaspi-дің әр тапсырысы Shopify-дағы қалдықты азайтады — сайтта сатылып кеткен тауар енді «ілініп» тұрмайды.

Қазір қолданба Kaspi-мен жұмыс істейді, келесі кезекте Wildberries, Ozon, Flip және Teez. Оны Shopify App Store-ға шығаруға дайындап жатырмыз — Kaspi-де сататын дүкендерді қазірдің өзінде қоса аламыз.

Қойманы Shopify-да жүргізесіз бе?

Қойманы Shopify-да жүргізесіз бе? Тапсырыс пен қалдықты қалай байланыстыруды талқылайық

Instagram директіне «ҚОЙМА» деп жазыңыз немесе байланыс бетінде өтінім қалдырыңыз. Тапсырыстар мен қалдықтың сізде қалай ұйымдастырылғанын талдап, қай режим келетінін айтамыз.

Kaspi Қалдық Shopify

Мақала пайдалы болды ма?

Тақырып бойынша сұрағыңыз бар ма?

Қойыңыз — үздік сұрақтарды келесі мақалаларда талдаймыз.

Бірге жұмыс істейік.

Бір жұмыс күні ішінде жауап береміз. Жарнамалық хат жібермейміз — хабарламаңыз тек бізге келеді. Өз тауары немесе бренді бар дүкендермен жұмыс істейміз, өз тауары жоқ дропшиппинг жобаларын алмаймыз.

Жобаны талқылау